Қазақстандық ауыр атлет 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Нұрдос Сабыр жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық ауыр атлет 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.
Қоссайыс қорытындысында Нұрдос 321 келіні (145+176) бағындырып, күміске ие болды. Ол жұлқа көтеруде жеңімпаз атанса, серпе көтеруде 2-орыннан көрінді.
Барлығы 57 елден 268 ауыр атлет қатысып жатқан әлем біріншілігінде бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 73 келіге дейінгі салмақта (137+168) 305 кг нәтижемен чемпион атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Таисия Алексееваның күміс алғанын жазған болатынбыз.