Командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға көтерілді.
ERNUR.KZ. Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында «Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде он медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қуаныш Жақсыбай баптайтын балуан қыздар 8 алтын, 2 күміс медальға қол жеткізді.
Атап айтқанда, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Марқашева (53кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.
Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) күміспен күптелді.
Командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға көтерілді.