Қазақстандық балуандар белбеу күресінен әлем чемпионатында 23 жүлде иеленді

0
1 078

Екі күнге созылған бәсекеге 30 елдің 250-ге жуық спортшысы қатысты.


Қазақстандық балуандар белбеу күресінен әлем чемпионатында 23 жүлде иеленді

ERNUR.KZ. Астанада «Beeline Arena» спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Екі күнге созылған бәсекеге 30 елдің 250-ге жуық спортшысы қатысты.

Жалпы есепте Ресей құрамасы топ жарса, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 13 қола жүлдеге қол жеткізіп, 2-орын алды. Үздік үштікті Түрікменстан түйіндеді.

Ел намысын 42 спортшы (32 ұл, 10 қыз) қорғады.

Жарыстың соңғы күнгі нәтижесі:

Алтын - Қалмұхан Тұрмаханбет (57 кг), Әділет Шалғынбекұлы (62 кг), Ақтөре Сұлтанбекұлы (75 кг), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг), Бекбол Нұрланұлы (100 кг).

Күміс - Данияр Кункубаев (68 кг), Эскерхан Осканов (100 кг).

Қола - Айбек Қазақбаев (62 кг), Рахмет Сапиев (82 кг), Нұрсұлтан Қожагелдіұлы (+100 кг).