Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді

0
553

Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасы сапынан рингке 52 келіде өнер көрсететін Жазира Орақбаева шықты.


Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласында әйелдер арасындағы 2023 жылғы бокстан әлем чемпионаты басталды, деп жазады vesti.kz.

Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасы сапынан рингке 52 келіде өнер көрсететін Жазира Орақбаева шықты. Бұрымдымыздың бірінші қарсыласы тайвандық Чань Ча-Cунь болды. Жазира қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді.

Орақбаева екінші раундтың өзінде тайвандық боксшыны екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта қарсыласын кезекті рет есеңгіреткен кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Еске салайық, әлем біріншілігінде 12 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Ал жарыс 26 наурызға дейін жалғасады.