Елхан Табынбаев үшін бұл жеңіс кәсіпқой рингтегі төрт жекпе-жектің ішіндегі төртінші және қарсыласын нокаутпен жеңген екінші жеңісі болды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Елхан Табынбаев Мәскеуде үндістандық Исрар Усманимен жұдырықтасты. Таразы басында WBPBF тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жастар арасындағы әлем чемпионы атағы тұрды, деп жазды Prosports.kz.
Бірінші раундтың өзінде-ақ 22 жастағы алматылық қарсыласының басына қашықтан тура соққы жасады, үндістандық боксшы рингке құлап, жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмады.
Елхан Табынбаев үшін бұл жеңіс кәсіпқой рингтегі төрт жекпе-жектің ішіндегі төртінші және қарсыласын нокаутпен жеңген екінші жеңісі болды.