Қазақстандық боксшылардың IBO-дағы рейтингі жарияланды

0
768

Аталмыш рейтингте Қанат Ислам көрсеткішін жақсартып, 13-ші орынға табан тіреді


Қазақстандық боксшылардың IBO-дағы рейтингі жарияланды

ERNUR.KZ. Халықаралық бокс ұйымының (IBO) барлық салмақ санаты бойынша жаңартылған рейтингті жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Иван Дычко 55-тен 75-ші орынға сырғып кеткен. Бұл санатта IBO Inter-Continental чемпионы – Жан Кособуцкий. Ал бірінші ауыр салмақтағы Әли Балоев 82-ден 85-ші позицияға түскен. Еділ Қожамбердиев 92-ден 94-ші сатыда тұрақтаған.

Екінші орта салмақ дивизионындағы Айдос Ербосынұлы 29-шы орыннан 20-ға көтерілсе, Нұрзат Сабыров пен Әли Ахмедов бір-бір орынға кейін сырғып, 33-ші және 34-ші орындардан көрініп отыр.

Аталмыш рейтингте Қанат Ислам көрсеткішін жақсартып, 13-ші орынға табан тіреді. Ал оның салмағындағы Мейірім Нұрсұлтанов 15-ші позицияға (+2) шықса, Жәнібек Әлімханұлы 27-ші орынды сақтап қалды. Бұл салмақ дәрежесінде көш басында – отандасымыз Геннадий Головкин тұр.

Бірінші орта салмақ дивизионында Садриддин Ахмедов 28-ші орыннан 27-ге көтерілсе, Мадияр Әшкеев тізімде 68-ші (+2) болып тұр.

Жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев 30-шы орнын сақтап қалды. Ал Данияр Елеусінов болса, 70-тен 38-ші орынға бір-ақ «секірген». Бұл санатта Бобыржан Момынов – 77-ші. Бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев үздік он бес боксшының қатарында қалып, 11-ші орынға жайғасқан. Бұл санатта Жаңқош Тұраров 46 (+1) орыннан көрінді.

Өткен жолы 49-ыншы орында тұрған жеңіл салмақтағы Виктор Коточигов 37-ге тұрақтаса, Абылайхан Құсайынов 79-шы орынға сырғыды.

Екінші орташа жеңіл салмақта Сұлтан Зауырбек рейтингте 81-ші болып тұр. Ал Станислав Калицкий бұл санатта үздік 100 боксшының қатарынан шығып қалды.

Жеңіл салмақта Елшат Нығметолла көрсеткішін оңалтып, 65-ші орыннан 55-ке көтерілді.