Қазақстандық дзюдошылар Варшавада 2 медаль жеңіп алды

0
637

2 күнге жалғасқан додада 37 елден 458 татами шебері 14 салмақта жүлдегерлерді анықтады.


Қазақстандық дзюдошылар Варшавада 2 медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Дзюдодан 24-25 ақпан күндері Варшавада (Польша) өткен ересектер арасындағы European Open турнирінде спортшыларымыз 2 қола жүлде алды, деп жазады inbusiness.kz.

+78 келіде кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мадина Парагульгова қола жүлде үшін белдесуде Нидерланд спортшысы Свирс Полиеннен басым түсті.

Бұл салмақта Мадинадан бөлек Толқын Тұрсынақынова да бақ сынап, жұбаныш кездесуінде дәл осы Нидерланд өкілінен есе жіберді.

Ал ерлер сайысында ең жеңіл 60 келіде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Шерзод Давлатов Грузия спортшысы Тома Гелашвилиден айласын асырды.

Шерзод былтыр да Польшадағы бәсекеде 3-орын алған болатын.

2 күнге жалғасқан додада 37 елден 458 татами шебері 14 салмақта жүлдегерлерді анықтады.