Қазақстандық футбол клубының директоры көз жұмды

0
2 352

Ол 46 жаста болатын.


 Қазақстандық футбол клубының директоры көз жұмды

ERNUR.KZ. Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасына қараған шағында көз жұмды, деп жазады vesti.kz.

Бөтембаев еркін күрестен спорт шебері және әскери джиу-джитсудан қара белбеуінің бірінші "сенсей" данын иеленген еді.

Ол көкшетаулық клубта 2018 жылдың ақпан айынан істеген. Бөтембаев еңбек еткен уақытта "Оқжетпес" бірінші лигадан премьер-лигаға қайта көтерілген. Ал 2019 жылы Қазақстан чемпионатында жетінші болды, бұл команда тарихындағы ең жоғары нәтиже.

Бөтембаевтың неден көз жұмғаны айтылмады.