Қазақстандық гандболшылар Азия чемпионатындағы екінші ойынды жеңіспен аяқтады

0
600

Бұл бәсеке 2022 жылғы әлем чемпионтына іріктеу саналады.


Қазақстандық гандболшылар Азия чемпионатындағы екінші ойынды жеңіспен аяқтады

ERNUR.KZ. Бұл күндері Алматыда гандболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионты өтіп жатыр. Құрлық додасында қазақстандық спортшылар екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Olympic.kz.

Бірінші кездесуде қазақстандықтар Таиланд құрамасын 28:20 есебімен жеңді.

Екінші ойында біздің команда ирандықтарды 30:24 есебімен ұтқан.

Келесі кездесуде Қазақстан командасы үндістандықтарға қарсы ойнайды. Турнир 14 наурызға дейін жалғасады.

Айта кетелік, бұл бәсеке 2022 жылғы әлем чемпионтына іріктеу саналады.