Қазақстандық гроссмейстер халықаралық турнирден шығып қалды

0
1 447

Оған интернеттің нашарлығы себеп болған.


Қазақстандық гроссмейстер халықаралық турнирден шығып қалды

ERNUR.KZ. Гроссмейстер Динара Сәдуақасова нашар Интернет салдарынан Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қымбатты достар, Интернеттің тұрақсыздығына байланысты Polgar Challenge турнирінен шығуыма тура келгенін хабарлауға мәжбүрмін. Турнирге шахмат жағынан да, техникалық жағынан да дайындалдым. Бірақ мен ойнаған барлық жеті партияда Интернетпен қиындықтар бола берді", - деді Сәдуақасова.

Ол әр партияда Интернетті көбірек ойлауға тура келгенін айтты.

"Үш провайдердің байланысын қолдандым, ештеңе көмектеспеді. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан тағы да кешірім сұраймын", - деді шахматшы.