Қазақстандық могулшы Юлия Галышева жеңімпаз атанды

0
2 734

АҚШ өкілі Авиталь Кэрол екінші болса, оның отандасы Элизабет Лэми үздік үштікті қорытындылады.


Қазақстандық могулшы Юлия Галышева жеңімпаз атанды

ERNUR.KZ. Дир-Вэллиде (АҚШ) фристайл-могулдан FIS Open халықаралық турнирі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы аталған жарыста алғашқы алтынына қол жеткізді, деп жазады olympic.kz.

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева әйелдер арасында үздік атанды. АҚШ өкілі Авиталь Кэрол екінші болса, оның отандасы Элизабет Лэми үздік үштікті қорытындылады.

Қазақстан құрамасының өкілі Аяулым Әмренова 15-ші, Анастасия Городко 41-ші орындардан көрінді. Ал ердер арасындағы бәсекеде АҚШ спортшылары жүлдені өзара бөлісті. Джоэл Хедрик көш бастаса, Коул Макдональд күміске, Алекс Льюис қола медальға қол жеткізді.

Қазақстандық Павел Колмаков жетінші, Сергей Романов 15-ші және Антон Бонжарев 20-шы орындарға тұрақтады.