26 жастағы Кнауб қарағандылық "Тұлпар" командасының тәлімгері.
ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб Дюссельдорф қаласының "Фортуна" командасына ауыса алмады, деп жазады kaz.vesti.kz.
"Кнауб Қазақстанның шығып, Германия біріншілігінде ойнаған футзалшы атана алмады. Бұған негізі Дюссельдорф қаласының "Фортуна" командасы кінәлі. Негізі Арнольд бұл командамен келісімшарт жазып қойып еді. Тіпті бірінші жалақысын да алды. Ол жағдай қаңтарда болған.
Бірақ кейін коронавируске байланысты қазақстандық футзалшы Германияға бара алмады.
Сөйтіп Кнауб биыл жазда "Фортуна" сапына қосылу керек болған. Алайда сол вирусқа байланысты команданың бюджеті қысқартылып, жаңа ойыншы сатып алуға мүмкіндігі болмады. Ал Арнольдқа команда жаңа ұсыныста жалақысын екі есе қысқартқан. Дегенмен бұл ұсынысқа Арнольд келіспеді.
"Шамасы енді Кнауб алдағы маусымды Қазақстанда өткізетін шығар", - деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, 26 жастағы Кнауб қарағандылық "Тұлпар" командасының тәлімгері. Қазақстан біріншілігінде ол "Жетісу" және "Ақтөбе" командаларының намысын қорғаған.