Жарысқа әлемнің 18 мемлекетінен 125 спортшы қатысты.
ERNUR.KZ. Гиза қаласында пара үстел теннисінен Мысыр елінің Fa 20 ашық чемпионаты өтті, деп жазады baq.kz.
Жарысқа әлемнің 18 мемлекетінен 125 спортшы қатысты.
Чемпионатта 14 қазақстандық спортшы өнер көрсетіп 11 медальді еншіледі: 1 күміс және 10 қола.
Жекелей сында мына спортшылар жүлдегер атанды:
Мәди Имақов – 3-орын (2-класс);
Раушан Орынбаева – 3-орын (7класс);
Әли Мақұлбеков – 3-орын (8-класс);
Қанат Үсенов – 3-орын (6-класс); Азамат Оразбек – 3-орын (7-класс);
Алтынай Ержанқызы – 3-орын (9-класс); Т
алғат Ерекеев – 3-орын (9-класс).
Ал жұптық сында келесі спортшылар жүлдегер атанды:
аралас жұп (XD 17) күміс жүлде – Әли Мақұлбеков және Алтынай Ержанқызы;
қыздар жұбы (WD 14-20) қола жүлде – Раушан Орынбаева және Алтынай Ержанқызы;
ерлер жұбы (MD 4) қола жүлде – Мәди Имақов және Ардақ Нұрмағамбетов;
аралас жұп (XD 14) қола жүлде Азамат Оразбек және Габриела Константин (Румыния).