Қазақстандық самбошылар ТМД ойындарында үздік нәтижеге қол жеткізді

0
528

Жарыстың алғашқы күні самбодан ел құрамасы құрамасы 2 алтын және 3 қола жүлде еншіледі.


Қазақстандық самбошылар ТМД ойындарында үздік нәтижеге қол жеткізді

ERNUR.KZ. Беларусь елінде өтіп жатқан ТМД елдерінің ойындарында ел құрамасынан самбошылар мен каратэшілер жүлдеге қол жеткізді, деп жазады baq.kz.

Еліміздің спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінде, самбо бойынша жарыс Жлобин қаласында өткен.

Жарыстың алғашқы күні самбодан ел құрамасы құрамасы 2 алтын және 3 қола жүлде еншіледі. Отандастарымыз Жасұлан Нариманов (58 келі) пен Арнұр Қуатай (71 келі) өз салмағында үздік шықты.

Бұдан бөлек, Еламан Қойшыбаев (88 келі), Айжан Жылқыбаева (50 келі), Шынар Абатова (72 келі) қола жүлдеге қол созды.