Қазақстандық шаңғышылар Олимпиаданың соңғы жарысында жүлдесіз қалды

0
747

Осымен қазақстандық спортшылар Бейжің Олимпиадасын аяқтады.


Қазақстандық шаңғышылар Олимпиаданың соңғы жарысында жүлдесіз қалды

ERNUR.KZ. Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары соңғы жарыстарын өткізді, деп жазады inform.kz

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында бүгін әйелдер арасында шаңғымен 30 шақырымға жарысудан масс-старт бәсекесі өтті. Аталған додада Қазақстан командасынан үш спортшы қатысты. Алайда үшеуі де үздіктер қатарынан көріне алған жоқ.

Қазақстан сапынан ең жоғары нәтижені Ангелине Шурыга көрсетті. Ол мәре сызығын 42-ші болып кесіп өтті. Екінші атлетіміз Надежда Степашкина 49-шы, үшінші спортшымыз Ирина Быкова 54-ші орынмен Олимпиада ойындарын аяқтады.

Осымен қазақстандық спортшылар Бейжің Олимпиадасын аяқтады. Спортшыларымыз Бейжіңде шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсті. Өкінішке қарай бірде-бірі жеңіс тұғырынан көріне алған жоқ.