Қазақстандық спортшы қыздар Азия біріншілігінде жеңіс тұғырынан көтерілді

0
1 452

Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды.


Қазақстандық спортшы қыздар Азия біріншілігінде жеңіс тұғырынан көтерілді

ERNUR.KZ. 21 шілде күні Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, - деп жазады Тengrinews.kz.

Құрлықтық додаға 28 мемлекеттен келген 385 спортшы қатысуда. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.

Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. 52 келідегі Балнұр Спабек пен 68 келідегі Нұрриза Тұрарова жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Сондай-ақ, төрт спортшымыз алғашқы бестікке енді. Бүгін тағы 10 таеквондошы жарысты бастайды.