Қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден жеңіске жетті

0
808

Қазақстандық спортшы Валентина Сдержникова топ жарды.


Қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогінің бірінші жарыс күні аяқталды. К-95 тұғырынан секіруден қазақстандық Валентина Сдержникова топ жарды, деп жазады baq.kz.

Ол 182.8 нәтижесімен бірінші орын иеленді. Екінші орынды Кристинка Прокопьева (168.4), үшінші орынды ресейлік Александра Баранцева (163.4) еншіледі.

Айта кетейік, 11-14 шілде аралығында Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтуде. Жарысқа 11 елден спортшылар қатысып жатыр.