Қазақстандық теннисші Үндістан спортшысынан басым түсті

0
929

19 маусым күні 1/8 финал бәсекелерінің 4 матчы өтті.


Қазақстандық теннисші Үндістан спортшысынан басым түсті

фото: prosports.kz

ERNUR.KZ. Астанада теннистен "Президент кубогы" жалғасуда деп хабарлайды, ERNUR.KZ тілшісі.

Турнирдің жүлде қоры 205 мың АҚШ долларын құрап, жарысқа 30-ға жуық елден 100-ге жақын теннисші келген. 19 маусым күні 1/8 финал бәсекелерінің 4 матчы өтті.
Қазақстандық Александр Недовесов үндістандық Аржун Кадхеге қарсы кортқа шықты. Бірінші сетте отандасымыз 6:3 есебімен басым түсті. Кейін Аржун намысқа тырысып таразы басын теңестірді. Ол тайбректе жеңіске жетті. Соңғы шешуші партияда Александр Недовесов қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмай жеңіске жетті, есеп - 6:4.
Матч жалпы 2 сағат 8 минут жалғасты. Недовесовтың келесі қарсыласы австриялық Себастьян Офнер болады. Офнер ширек финал жолдамасын өзбекстандық Хумоюн Султоновпен сарапқа салды. Мұнда Офнер 6:3, 6:3 есептерімен басым түсті.

Осы орайда айта кетсек, Недовесов пен Офнер өткен жылы Словакиядағы турнирде кездескен болатын. Кездесуде қазақстандық теннисші 6:4, 6:4 есептерімен жеңіске жеткен.