Қазақстандық зілтемірші Әлем чемпионатының жүлдегері атанды

0
696

Ауыр атлетикадан биылғы Әлем Чемпионатында Қазақстан намысын 13 спортшы қорғауда.


Қазақстандық зілтемірші Әлем чемпионатының жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. 5 желтоқсанда Боготада (Колумбия) ауыр атлетикадан Әлем Чемпионаты басталады, деп жазады inbusiness.kz.

Жарысқа 93 елден 537 спортшы (270 әйел және 267 ер адам) қатысуда. Кезекті жарыс күні қазақстандық зілтемірші Алексей Чуркин Боготадағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Қоссайыс бойынша 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Чуркин 323 келі нәтиже көрсетті (жұлқа көтеруде 153 және серпе көтеруде 190). Алтынды 352 келі (152+200) салмақты бағындырған индонезиялық Рахмат Абдулла, күмісті 347 келі (155+192) келіні бағындырған оның отандасы Ризки Джуньянсях еншіледі.

Жарыстан кейін Алексей Чуркин әлем чемпионатында көрсеткен нәтижесіне байланысты өз пікірін білдірді.

"Көңіл-күй жақсы болды. Жаттықтырушылар барлық алты мүмкіндікті пысықтауға нұсқау берді. Мен оны орындадым. Жалпы, атқарылған жұмыстарға көңілім толды. Бір ғана мақсатым болды – ортаға шығып, ең жақсы нәтиже көрсету. Мен жарыстарға қатыстым, залда жаттығуларда болдым. Үздік үштікке кіргенімді естігендегі сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес. Сол сәтте бапкерлерім мен спортшылар құттықтай бастады", - деді Әлем чемпионатының қола жүлдегері Алексей Чуркин.

Қазақстандық ауыр атлетшілердің әлем чемпионатындағы өнер көрсету кестесі (Астана уақыты бойынша):

12 желтоқсан, дүйсенбі

01.00 Ерлер 89 келіге дейін (В тобы) Бектай Асылжан, Уланов Денис

03.30 Ерлер 81 келіге дейін (А тобы) Сейітқазы Еламан

13 желтоқсан, сейсенбі

01.00 Ерлер 96 келіге дейін (В тобы) Сейітқазы Әлішер

03.30 Ерлер 96 келіге дейін (А тобы) Әділетұлы Нұрғиса

14 желтоқсан, сәрсенбі

01.00 Әйелдер 76 келіге дейін (В тобы) Нұрлыбекова Арай

06.00 Ерлер 102 келіге дейін (А тобы) Артем Антропов

14 желтоқсан, сәрсенбі

22.30 Әйелдер 81 келіге дейін (С тобы) Омарова Аиша

22.30 Әйелдер 87 келіге дейін (В тобы) Есжанова Айым

15 желтоқсан бейсенбі

22.30 Әйелдер 87+ келі (В тобы) Ковальчук Любовь

Естеріңізге сала кетейік, 7 желтоқсан күні ұлттық құрама сапынан биылғы әлем чемпионатында алғашқы болып қазақстандық Арли Чонтей өнер көрсетті. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қоссайыста 259 (118+141) келі көтеріп, төртінші орынға ие болды. Бұл салмақ дәрежесі бойынша алтынды тайландтық Тирапонг Силачай иеленді – 265 (117+148). вьетнамдық Сон Нго Дин – 260 (117+143) екінші, оңтүстіккореялық Ким Ёнхо – 260 (115+145) үшінші орынға ие болды.