Қазақстандықтар Токио Паралимпиадасында ойын көрсетуін аяқтады

0
655

Ел құрамасынан Нышан Өмірәлі дүбірлі додада ойын көрсеткен соңғы спортшы болды.


Қазақстандықтар Токио Паралимпиадасында ойын көрсетуін аяқтады

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшылар 2020 жылғы Токио Паралимпиадасында ойын көрсетуін аяқтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ел құрамасынан Нышан Өмірәлі дүбірлі додада ойын көрсеткен соңғы спортшы болды. Ол 75 келіде сынға түсті. Қола жүлде үшін сайыста қазақстандық спортшы мексикалық Франиско Педросқа 15:18 есебімен есе жіберді. Осылайша ол қола жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Нышан алғашқы жекпе-жегінде коста-рикалық Андрес Эстебан Молинадан 6:12 есебімен жеңілді. Одан кейін жұбаныш жекпе-жегінің ширек финалында марокколық Рашид Алауиді 24:8 есебімен жеңіп, қола жүлдеге таласуға қол жеткізген болатын.

Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар. Жалпы командалық есепте 51-орында тұр.

Қазақстан құрамасы дүбірлі додада 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды. Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанды. Ал, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс алса, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды.

Токио Паралимпиадасы 5 қыркүйекте мәресіне жетеді.