Қазақстандықтар алты алтын, үш күміс және бір қола медаль иеленді.
ERNUR.KZ. Үндістанның Бангалор қаласында су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Үшінші жарыс күні синхронды жүзуден Қазақстан командасының мүшелері он медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz.
Қазақстандықтар алты алтын, үш күміс және бір қола медаль иеленді.
12 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жекелей сында Полина Мерзлякова алтын , Варвара Снегирева күміс медаль жеңіп алды.
13-15 жас аралығындағы спортшылар додасында Арина Мясникова алтын, Жәния Жиенғазы қола жүлдегер атанды.
Дуэт бағдарламасында Анна Павлецова мен Юлия Рогалевалар топ жарса, Арина Мясникова мен Ясмин Тұяқова күміске қол жеткізді.
12 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жұптық сында Полина Мерзлякова мен Варвара Снегирева алтын, Анастасия Воронкова мен Екатерина Усина күміс медаль еншіледі.
Аралас дуэеттен 12 жасқа дейінгі спортшылар арасында Айғаным Саим мен Алдияр Рамазанов жеңіске жетті. 13-15 жас аралығындағы спортшылар бәсекесінде Эдуард Ким мен Жаклин Якимова топ жарды.