008 жылғы Олимпиада ойындарының нәтижелері қайта қаралып, ауыр атлетика мен жеңіл атлетикадағы Қазақстан көрсеткіштерінде өзгерістер орын алды.
ERNUR.KZ. «Алтын Самғау-2019» Ұлттық спорттық Жүлдесінің салтанатты рәсімінде қазақстандық спортшыларға 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жүлделері табысталды деп жазады Olympic.kz.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің атынан Алла Важенина мен Ольга Рыпаковаға 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының медальдарін тапсырды. Айта кетелік, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының нәтижелері қайта қаралып, ауыр атлетика мен жеңіл атлетикадағы Қазақстан көрсеткіштерінде өзгерістер орын алды.
Қазақстандық зілтемірші Алла Важенина 75 келі салмақта 2008 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды. Ал Ольга Рыпакова өз туған күнінде үш қарғып секіруден Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесін ресми түрде иеленді. Осылайша, Рыпакова Олимпиада ойындарындағы жүлделер жиынтығын толық еншіледі. Ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының алтын, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанып отыр.
Қосымша ақпарат: 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 75 келіге дейінгі салмақта топ жарған қытайлық Лей Цао (Lei Cao) ХОК және CAS (Спорттық арбитражды сот) Тәртіптік комиссиясының шешімімен спорттан шеттетілді. Содан соң, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) жүлделерді қайтадан реттеп, Алла Важенина (KAZ) Олимпиаданың алтын жүлдесін иеленді.
2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында екінші және үшінші орын алған Татьяна Лебедева мен Крисопиги Деветци (GRE) ХОК және CAS (Спорттық арбитражды сот) Тәртіптік комиссиясының шешімімен спорттан шеттетілді. Халықаралық жеңіп атлетика федерациясы кейін медальдарды қайтадан реттеп, Ольга Рыпакова (KAZ) 2008 жылғы жазғы Олимпиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді.