"Кет бұл жерден": "Канело" Головкин салмағындағы чемпионды көпшілік алдында мазақ етті

0
867

Америкалық боксшы "Канелоны" жекпе-жекке шақырамын деп мазаққа қалды.


ERNUR.KZ. Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде мексикалық Сауль "Канело" Альварес сұхбат беріп отырған баспасөз мәслихатында шу шығарды, деп жазады деп жазады Tengrinews.kz.

WBC, WBA және WBO титуладыр үшін айқаста британиялық Билли Джо Сондерсті жеңгеннен кейін Альварес әдеттегідей БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Осы кезде америкалық боксшы сахнаға жақын келіп, "Канелоны" жекпе-жекке шақырамын деп мазаққа қалды.

- Жекпе-жек ұйымдастыра аламыз ғой. Қалай ойлайсың? - деп сұрады Андраде Альварестен.
- Сен ешкіммен жұдырықтаспағансың. Эй, сен чемпионсың, бірақ, ешкіммен жұдырықтаспағансың, бауырым, - деп күлді "Канело", алғаш рет көпшілік алдында ағылшын тілінде сөйлеп.
- Окей, көбі ешкіммен жұдырықтаспаған.
- Кет ... бұл жерден.
- Ал сен кіммен жұдырықтастың?
- Мен кіммен? - деп күлді Альварес, осы кезде зал ду қол шапалақтады. - Кет ... бұл жерден. Саған жекпе-жек бұйырмайды. Сен нашар боксшысың. Өте нашар.
- Онда сабап таста мені! Саба мені! Тіліңді тартып сөйле. Далада жолығамыз, - деп қорқытты Андраде.
- Иә-иә, далада кезігеміз,
- деп жауап берді мексикалық.

Еске салайық, кеше, 9 мамырда Сауль "Канело" Альварес екінші орта салмақта Билли Джо Сондерспен жұдырықтасқаны хабарланған болатын. Кездесу Арлингтонда (Техас, АҚШ) AT&T Stadium жабық стадионында өтті. Жеңіске мексикалыққа тиесілі WBC және WBA белдіктері және ұлыбританиялық боксшының WBO чемпионы атағы тігілген.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Бірақ сегізінші раундтан кейін ұлыбританиялық боксшының бұрышындағылар ақ орамал тастаған. Оның жарақат алғаны анық. Өйткені соңғы минуттарда ол белсенді жекпе-жек көрсете алмаған, ал үзіліс кезінде дәрігерлер оның көзін тексерді.