Халықаралық шахмат федерациясы 17 жастағы қазақ қызына жоғары баға берді

0
567

Бибісара Асаубаева онлайн-олимпиаданың үздік бомбардирлерінің бірі болды.


Халықаралық шахмат федерациясы 17 жастағы қазақ қызына жоғары баға берді

ERNUR.KZ. Ұлттық құраманың 17 жасар шахматшысы Бибісара Асаубаеваның ойынын Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) ерекше бағалады, деп жазады baq.kz.

ФИДЕ мәлімдеуінше, Бибісара Асаубаева онлайн-олимпиаданың үздік бомбардирлерінің бірі болды.

Қазақстан жартылай финалға өтпеді. Сол себепті біз жоғары дивизионда 7-ден 7 ұпай жинаған Бибісара Асаубаевамен қоштасуымыз керек, ол ширек финалда екі ойынды ұтып, тек блиц-тай-брейкте ғана АҚШ командасынан жеңілді, - делінген хабарламада.


Турнир барысында Бибісара Асаубаевадан бөлек федерация тарапынан Қытай шахматшысы, әйелдер арасындағы әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь, 14 жасында гроссмейстер атағына қол жеткізген үнділік вундеркинд Нихал Сарина және ресейлік шахматшы Валентина Гунина ойындары ерекше бағаланды.


Айта кетейік, Бибісара Асаубаева - қазақстандық шахматшы, әйелдер арасындағы гроссмейстер және ерлер арасындағы IM ФИДЕ халықаралық шебері. 2011 жылы екі әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін 7 жасында ең жас Fide Master атағының иегері атанған.