Хоккей: Әлихан Әсетов «Барыстың» қазан айындағы үздік ойыншысы атанды

0
1 146

Ә.Әсетов 48 пайыз дауыс жинап, өзгелерден қара озып кетті.


Хоккей: Әлихан Әсетов «Барыстың» қазан айындағы үздік ойыншысы атанды

ERNUR.KZ. Шабуылшы Әлихан Әсетов «Барыстың» қазан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барыс» хоккей клубы мен FONBET букмекерлік компаниясы жанкүйерлер арасындағы дауыс берудің қорытындысын шығарды.

Клубтың сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 23 жастағы Ә.Әсетов 48 пайыз дауыс жинап, өзгелерден қара озып кетті. Команда капитаны, қорғаушы Даррен Диц (12 пайыз) екінші, қақпашы Эдди Паскуале (10 пайыз) үшінші орында.

Әлиханға естелік сыйлықты FONBET букмекерлік компаниясының өкілі Арман Атеев табыс етті.

Ә.Әсетовтің ҚХЛ-да өткен жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқаны белгілі. Қазан айында ол «Барыстың» 12 матчының 11-інде айдынға шығып, төрт гол соқты, қақпаға 13 соққы бағыттады.

Сонымен қатар «Барыстың» тағы бір шабуылшысы Никита Михайлистің Мәскеудің «Динамо» командасының қақпасына соққан голын Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) өткен аптадағы ең үздік деп таныды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» «Автомобилист» командасынан басым түскенін жазған болатынбыз.

Елордалықтар ҚХЛ-дың жалпы кестесінде сегізінші, Шығыс конференциясында төртінші орында келеді.