Алдымен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Бреус ойынның 2-минутында есеп ашып, команданы алға шығарды.
ERNUR.KZ. Шайбалы хоккейден Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Zakon.kz.
Ұлттық Олимпаиада комитетінің хабарлауынша, 30 тамызда кешке D тобындағы іріктеу турнирі аясындағы екінші матчты Қазақстан құрамасы Австрияға қарсы өткізді. Өте тартысты ойынның тағдыры соңғы минуттарда шешілді.
Алдымен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Бреус ойынның 2-минутында есеп ашып, команданы алға шығарды.
Ал 43-минутта австриялық хоккейші Рафаэль Хербургер есепті теңестірді.
Араға 10 минут салып Тамирлан Гайтамиров Қазақстан құрамасын алға шығарды. Есеп - 2:1.
Қазақстан құрамасы матч соңына дейін осы басымдықты ұстап, топтағы екінші матчта жеңіске жетті.
Енді ұлттық құрама шешуші матчта Словакияға қарсы ойнайды.