Хоккейшілердің жаппай төбелесінің видеосы желіде тарап кетті

0
791

Төбелеске қатысқаны үшін сегіз ойыншыға айыппұл салынды. Барлығы матч кезінде екі команда айыппұл ретінде 258 минут алды.


Хоккейшілердің жаппай төбелесінің видеосы желіде тарап кетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық "Алтай" "Сибирские снайперы" командасын 3:1 есебімен жеңді, деп жазады sputniknews.kz.

Ойын кезінде Қазақстан және Ресей хоккейшілерінің жаппай төбелесі болды. Матч видеосы Жастар хоккей лигасының (МХЛ) Youtube каналында жарияланған.

Төбелеске екі команданың барлық ойыншысы қатысқан.

Sports.kz хабарлауынша, сегіз хоккейшіге (әр клубтан төртеу) айыппұл салынды. Сондай-ақ, ойын соңына дейін тәртіптік айыппұл болды.

Барлығы матч кезінде екі команда айыппұл ретінде 258 минут алды (124 алаң иелері және 134 минут қонақтарда).