Негізгі жоспар бойынша Токио олимпиадасы қарсаңындағы аймақтық лицензиялық турнир Қытайдың Сиянь қаласында өтуі тиіс болатын.
ERNUR.KZ. Күрес түрлерінен Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі Қытайдан Қырғызстанға ауыстырылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті Біріккен күрес әлемінің (UWW) ресми мәлімдемесіне сүйене отырып хабарлады.
Негізгі жоспар бойынша Токио олимпиадасы қарсаңындағы аймақтық лицензиялық турнир Қытайдың Сиянь қаласында өтуі тиіс болатын.
Алайда, Қытайдағы коронавирустың өршуіне байланысты бұл бәсеке Қырғызстанның Бішкек қаласына ауыстырылды.
Енді, күрес түрлерінен Азия аймақтық лицензиялық турнирі 2020 жылдың 27-29 наурызы аралығында Бішкекте өтетін болды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы Бокстан 2020 жылғы Токио олимпиадасына Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі мен таеквондодан 10-12 сәуір күндері Уси қаласында болатын тағы бір лицензиялық жарыстың өзге елде өтетіні туралы жазған болатынбыз .