"Көздері алайғанша ұрдым": Жұмағұловтың жекпе-жек кезінде екі қолының да саусақтары шығып кеткен

0
787

Жұмағұлов дағыстандық Али Багаутиновпен жекпе-жек өткізіп, ең жеңіл салмақта ұйым чемпионы атағын қорғап қалды.​


ERNUR.KZ. Қазақ файтер Жалғас Жұмағұлов sport24.ru порталына берген сұхбатында Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турниріндегі жеңісі туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz.

"Бір сәт те ойымды күдік шалған жоқ. Командамда өте тәжірибелі файтерлер. Бесінші раундтан кейін маған оны таза жеңгенімді айтты. Қандай зиян келтіргенімді қараңыздар. Шынын айтқанда, ол мені сан рет баспен ұрды. Бұтымнан да тепті. Қолғап пен киімнен ұстады. Тордан ұсталынды. Бұл дұрыс емес. Төрешіге бұл туралы айтқанмын. Ол көрдім деп жауап берді. Жекпе-жектен кейін төрешіге барып, неге ештеңе айтпағанын сұрадым. Олар негізі ескерту беру керек" - дейді Жалғас Жұмағұлов.

Бұл турнирде Жұмағұлов дағыстандық Али Багаутиновпен жекпе-жек өткізіп, ең жеңіл салмақта ұйым чемпионы атағын қорғап қалды.

"Қарсыласымның көздерін алайып жіберген соққыларым болды. Ол тәжірибелі болғандықтан, құшақтап үлгереді. Аяғына дейін жеткізе алмадым. Ол соққыға шыдайды. Өз жекпе-жегімді көрдім. Тек алға жүрдім. Титулымды қорғағым келді. Мұны бәрі көрді. Екі қолымның да бас бармақтары шығып кетті. Біріншісі басында, ал екіншісі төртінші раундта" - дейді Қазақ файтері sport24.ru порталына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Жалғас Жұмағұлов ендігі белестің UFC екенін және өзін соған лайықты санайтынын айтқан.