Қуат Хамитов 100 сағат мәжбүрлі еңбектен құтылды

0
705

Былтырғы қыркүйекте спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын.


Қуат Хамитов 100 сағат мәжбүрлі еңбектен құтылды

ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов биыл қаңтарда шыққан үкім бойынша тағайындалған мәжбүрлі еңбектен құтылды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Алмалы аудандық сотының 2021 жылғы 28 қаңтардағы үкімімен сол кезде тұрақты жұмысы жоқ Қуат Хамитов күніне төрт сағаттан 100 сағатқа дейін мәжбүрлі жұмыс істеуі керек болған. Алайда кейінірек Хамитов жұмыс орнынан анықтама бергендіктен, бұл жұмыстардан босатылған.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Хамитов биыл ақпаннан бастап Алматы облысы мен Алматы қаласының пробация қызметінде есепте тұрғанын хабарлады.

"ҚР Қылмыстық кодексі 44-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрақты жұмыс орны бар немесе оқуы бар сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Хамитов ресми түрде жұмысқа орналасқан орнынан анықтама және еңбек шартын ұсынды, осыған байланысты мәжбүрлі еңбекке тартылмады", - делінген Tengrinews.kz сұратқан сауалға Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті берген жауапта.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәліметінше, Хамитов бас бостандығын шектеу кезеңінде ешқандай оғаш қылық көрсетпеген.

Еске салайық, былтырғы қыркүйекте спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын. Ал 20 қаңтарда Қуат Хамитов Интернетке қосыла алмай, сот отырысы кейінге қалған еді. Кейін аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шықты. Ол 6 айға бас бостандығынан шектелді.