Грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Айдос Сұлтанғали іріктеуде Ирак балуанын айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға өтті.
ERNUR.KZ. Бүгін, 21 сәуірде Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінің соңғы жарыс күнінде жерлестеріміз грек-рим күресінен лицензияға таласты бастады, деп жазады zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Айдос Сұлтанғали іріктеуде Ирак балуанын айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға өтті.
Сондай-ақ, 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет бірінші айналымда түркменстандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Айта кетелік, "классикалық" күрес шеберлері 5 салмақта жолдама алуға тырысады.