Қытайдағы жарыстың алғашқы кезеңін спортшыларымыз сәтті аяқтады

0
927

Алғашқы кезеңнен кейін команданың еншісінде төрт алтын, бір күміс және бір қола жүлде бар.


Қытайдағы жарыстың алғашқы кезеңін спортшыларымыз сәтті аяқтады

фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Жеңіл атлетикадан Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан Asian Grand Prix Series турнирінің алғашқы кезеңінде қазақстандық спортшылар 6 медаль алды, деп жазады prosports.kz.

100 метр қашықтыққа жүгіруден Ольга Сафронова алдына жан салмады. 400 метрге жүгіруден Михаил Литвин, 800 метрге жүгіруден Маргарита Мукашева мәреге бірінші болып келді. Ядро лақтырудан үздік нәтижені Иван Иванов көрсетті.

Биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая күміс жүлдеге қол жеткізді. Рима Кашафутдинова, Элина Михина, Ольга Сафронова және Светлана Голендова 4*100 эстафеталық жүгіруден үздік үштіктің қатарына енді.

Қорытындылай келгендей, алғашқы кезеңнен кейін команданың еншісінде төрт алтын, бір күміс және бір қола жүлде бар.