"Ливерпуль" мен "Реал" финалда

0
1 363

Қалған минуттарда "Рома" футболшылары қатарынан 3 гол соғып 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бірақ, бұл нәтиже Италия командасының финалға жолдама алуына жеткіліксіз болды.


Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының финалында ойнайтын командалар анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Римдегі "Олимпико" стадионында "Рома" Англияның "Ливерпуль" ұжымымен кездесті. Қос команданың алғашқы матчында "Ливерпуль" 5:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ойынның 9 - минутында есеп ашылды. Голды қонақтардың жартылай қорғаушысы Мане соқты. 15 - минутқа келіп таразы басы теңесті. Бұл жолы да голды "Ливерпуль" футболшысы соқты. Бірақ, Жеймс Милнер күтпеген жерден өз қақпасына гол соғып алды - 1:1.

25 - минутта Веналдум матчтағы "Ливерпуль" командасының соңғы голының авторы атанды. Қалған минуттарда "Рома" футболшылары қатарынан 3 гол соғып 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бірақ, бұл нәтиже Италия командасының финалға жолдама алуына жеткіліксіз болды.

Осылайша 26 мамыр күні Киевте өтетін ақтық ойынында "Реал" мен "Ливерпуль" командалары алаңға шығады.