Қазақстандық шабандоз Алексей Луценконың "Тур де Франс" жарысында тағы да үздік ондыққа енді.
ERNUR.KZ. Биыл 109-шы мәрте ұйымдастырылған "Тур де Франс" 21-кезеңмен дәстүрлі түрде Елисей алаңында мәресіне жетті, деп жазады
"Мен "Тур де Франсқа" жалпы есепте жоғары нәтиже үшін таласқа түсемін дешген мақсатпен келдім. Маусымның алғашқы жартысында құлап, ауруға және сәтсіздікке байланысты "Турға" дайындығым керемет болды деп айта алмаймын. Бірақ біз командамен бірге өзімізді лайықты көрсете алдық. Әсіресе үшінші аптада тауда жарысып, тоғызыншы орынға ие болдық. Мен бұл "Турда" жеке кезеңде де, жалпы классификацияда да көп жетістіктерге жеткім келді. Қалай болғанда да, мен осы үш апта ішінде 100% барымды салдым. Қазіргі нәтижеге ризамын. Біз Парижде мәреге жеттік. Бірақ маусым әлі жалғасуда. Мен алда тұрған жаңа мақсаттарға шындап кірісіп жатырмын", – деді Алексей Луценко.
"Бұл "Тур де Франс" жарыс басталар алдында Самуэле Баттистелланы жоғалтқаннан кейін біз үшін бірден қиынға соқты. Оны соңғы сәтте Александр Рябушенко алмастырды. Кейінірек, COVID-19 әсерінен Джанни Москон демалысқа кетуге мәжбүр болды. Ал одан кейін екінші аптада Фабио Феллине ауырып, жарыстан шығып қалды. Дегенмен бар күшімізді салуға тырыстық. Үшінші аптада Пиренейде өзін көрсете білген көшбасшымыз Алексей Луценконың төңірегіне топтасқан мықты команданы көрдік. Нәтижесінде, жалпы есепте жоғары тоғызыншы, ал командалық есепте оныншы орынға ие болдық. Шынымды айтсам, "Тур де Франстағы" кезеңдік жеңістеріміз жеткіліксіз болды.
Соған қарамастан, ең бастысы, қазақстандық шабандоз Алексей Луценконың "Тур де Франс" жарысында тағы да үздік ондыққа енді. Бұл отандық велоспорттың жетістігі екені сөзсіз", – деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.