Аты аңызға айналған 53 жастағы боксшы қайырымдылыққа қаражат жинау мақсатында қайта рингке оралғысы келеді.
ERNUR.KZ. Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон қайырымдылық жекпе-жегі үшін рингке қайта оралғысы келеді, деп жазады sputniknews.kz.
"Мен қазір жаттығып жатырмын, рингке қайта шыққым келеді. Бірнеше жекпе-жек өткізуді жоспарлағандықтан, спорттық дайындықты қолға алдым. Төрт раундтық қайырымдылық жекпе-жектер өткізуге мүмкіндік беретін бабымда болуды қалаймын. Ақша тауып үйсіздер мен есірткі тәуелділігіне ұшырағандарға көмектескім келеді", – дейді боксшы.
Темір Майк рингке соңғы рет 2005 жылы маусым айында Макграйдпен шығып, жеңіліске ұшырады. Бұл оның кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегі болды.
"Өткен аптада ғана рингте жаттығу өткіздім. Өте ауыр болды әрі қатты шаршадым. Мен қайырымдылық жекпе-жегін ұйымдастырып, физикалық қалпымды жақсарта аламын деп ойлаймын", – деді Тайсон.
Айта кетейік, ол кәсіпқой мансабында 50 рет жеңіске жетіп (44 КО), алты рет жеңілген.