Ол 38 жастағы үндістандық спортшыға қарсы шықты.
ERNUR.KZ. Назым Қызайбай 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бокстан Азия чемптоны атанды, деп жазады vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Дубайда өтіп жатқан АЧ-2021 бәсекесінің финалында Үндістанның атақты боксшысы, әлемнің алты дүркін чемпионы Мэри Комды жеңді. Кездесу төрешілер шешімімен 3:2 есебімен аяқталды.