Нөгербек Қазыбек жылдам шахматтан әлем чемпионы болды

0
670

Тағы бір қазақстандық шахматшы Даниял Сапенов 14 жасқа дейінгі санатта қола жүлдегер атанды.


Нөгербек Қазыбек жылдам шахматтан әлем чемпионы болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Нөгербек Қазыбек Грекияның Родос аралында өтіп жатқан World Youth Rapid Championships 2022 Open under 18 турнирінде рапидтен әлем чемпионы атанды, деп жазады sputnik.kz.

"Жаңа ғана World Youth Rapid Championships 2022 Open under 18 турнирі аясындағы соңғы тур аяқталды, онда біздің шәкіртіміз Нөгербек Қазыбек бірінші орынды жеңіп алып, 18 жасқа дейінгілер арасында рапидтен әлем чемпионы атанды. Қазыбекті құттықтап, алдағы блиц турнирде сәттілік тілейміз", - делінген жазбада.

Сондай-ақ клуб чемпионның блиц-турнирге де қатысатынын хабарлады.

14 жасқа дейінгілер арасында тағы бір қазақстандық шахматшы Даниял Сапенов қола жүлдеге ие болды.
Турнир Грекияның Родос аралында 1 және 2 мамырда өтті.