Нұр-Сұлтанда грэпплингтен «Asia Open» халықаралық турнирі өтеді

0
903

Грэпплинг – барлық күрес түрін қамтитын спорт түрі, яғни дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа да спорт түрлері техникаларының жиынтығы болып саналады.​


Нұр-Сұлтанда грэпплингтен «Asia Open» халықаралық турнирі өтеді

ERNUR.KZ. 27-28 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында грэпплингтен II Халықаралық «Asia Open» турнирі өтеді, деп жазады baq.kz.

"Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Литва, Украина, АҚШ және басқа да елдердің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр. Турнирдің ерекшелігі, жарысқа еш іріктеусіз кез келген адам қатыса алады. Өткен жылы «Asia Open» 500-ден астам спортшының басын қосты. Сонымен қатар, осы күндері елордада грэпплингтен әлем кубогы өтеді. Әлем кубогына Қазақстаннан бөлек дүние жүзінің үздік құрамалары саналатын Ресей, АҚШ, Бразилия елдерінің танымал палуандары қатысады. Жарыс матчтық кездесу «құрамаға қарсы құрама» форматында өткізіледі", - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, грэпплинг – барлық күрес түрін қамтитын спорт түрі, яғни дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа да спорт түрлері техникаларының жиынтығы болып саналады.