ОҚО-да садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

0
2 208

Ағымдағы жылдың 3 - 9 наурыз аралығында Шымкенттегі "Жеңіл атлетика спорт кешені" садақ атудан Қазақстан чемпионатына қожайындық жасайды. Сайысқа 160 ға жуық мергендер келген.


ОҚО-да садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Ағымдағы жылдың 3 - 9 наурыз аралығында Шымкенттегі "Жеңіл атлетика спорт кешені" садақ атудан Қазақстан чемпионатына қожайындық жасайды. Сайысқа 160 ға жуық мергендер келген. Олар жас ерекшеліктері бойынша кіл мықтыны анықтайтын болады.

25 метрден нысанаға ату сайыстарында жергілікті мергендер жоғары нәтиже көрсетті.

2001 - 2002 жыл туылған ұлдар арасында Мансұр Әлімбаев 549 ұпай жинап, 4 - орыннан көрінді. Ал, астаналық Омар Бекперген 558 ұпаймен 3 - орында. Батыс Қазақстан облысынан келген Әліхан Мұстафин 582 ұпаймен бірінші.

Жастар арасында алматылық Артем Калиниченко 577 ұпаймен жоғары 3 - орында. Облысымыздың спортшысы Жомарт Бектұрсын екінші орында, 582 ұпай жинады. Ал, 588 ұпай жинаған батыс қазақстандық Шамиль Сагутдинов жеңімпаз атанды.