Олимпиада - 2024: Батырхан Төлеуғали ширек финалға шыға алмады

0
367

Батырхан Төлеуғали - Қазақстан құрамасының ең жас спортшысы. 25 шілдеде 18-ге толды.


Олимпиада - 2024: Батырхан Төлеуғали ширек финалға шыға алмады

ERNUR.KZ. Қазақстандық таэквандошы Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасында екінші айналымда ұтылды, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстандық таэквандошы әлемнің екі дүркін чемпионы Симоне Алессиомен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұған дейін тағы бір таэквандошымыз Самирхон Абабакиров (58 келі) жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Айта кетері, Батырхан Төлеуғали - Қазақстан құрамасының ең жас спортшысы. 25 шілдеде 18-ге толды.