Олимпиада чемпионы досын өлтіргені үшін 16 жылға сотталды

0
755

100 келіде белбескен Тувшинбаяр 2008 жылы Бейжіңде Моңғолия үшін Олимпиаданың бірінші алтынын жеңіп алған.


Олимпиада чемпионы досын өлтіргені үшін 16 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы, дзюдошы Найдангийн Тувшинбаяр досын өлтіргені үшін 16 жылға сотталды, деп жазады vesti.kz.

Оқиға 2021 жылы сәуірде болған. Тувшинбаяр мас күйінде досын оңдырмай сабаған, ер адам алған жарақаттар салдарынан бірнеше айдан кейін көз жұмыпты.

Сотта Тувшинбаяр кінәсін мойындап, болған жайтқа өкінетінін айтқан. Оның сөзінше, досы Найдангийннің үлкен жетістіктерге жетуіне зор үлес қосқан екен. Спортшы көз жұмған досының отбасына ірі соммада өтемақы да төлепті.

"Досымды өлтірмек емес едім. Мен кінәлімін, сот маған қатысты шешімін шығарсын. Мен досымның отбасына өмір бойы көмектесемін", - деді ол.

Еске салайық, 100 келіде белбескен Тувшинбаяр 2008 жылы Бейжіңде Моңғолия үшін Олимпиаданың бірінші алтынын жеңіп алған еді. Ал 2012 жылы күміс жеңіп алып, Олимпиаданың бірнеше жүлдесін иеленген бірінші моңғолиялық болды.