Грекия астанасы Афины қаласындағы «OPAP Arena» стадионында өткізілген ойын барысында командалар бірден шабуылға көшті.
ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Конференция лигасының финалында «Олимпиакос» (Грекия) мен «Фиорентина» (Италия) кездесті, деп жазады inform.kz.
Грекия астанасы Афины қаласындағы «OPAP Arena» стадионында өткізілген ойын барысында командалар бірден шабуылға көшті. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде де командалар гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Олардың ойын деңгейі қатарлас болды. Футболшылар көптеген мүмкіндікті пайдалана алған жоқ.
Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.
Ойынның 116-минутында «Олимпиакос» сапынан Айюб Эль-Кааби ұрымтал сәтте өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Осылайша қарсыласын 1:0 есебімен қапы қалдырған грекиялық клуб чемпион атанды.
Айта кетсек, италиялық клуб екінші жыл қатарынан Конференция лигасы финалына шығып отыр. Былтыр финалда олар Англияның «Вест Хэм Юнайтед» командасына 1:2 есебімен жол берген еді.
Конференция лигасы турнирі 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Вест Хэм Юнайтед» және «Рома» (Италия) командалары бір-бірден чемпион атанды.
Сондай-ақ, енді 1 маусымда Чемпиондар лигасы финалында «Реал Мадрид» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Италияның «Аталанта» командасы Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.