ERNUR.KZ. Атырау қаласында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында халықаралық турнир мәресіне жетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық спорт басқармасының басшысы Ілияс Шайхиевтің айтуынша, үш күн бойы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласының, еліміздің Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы, Шымкент, Ақтау, Астана және Атырау қалаларының мықтылары жүлделерді өзара сарапқа салды.