Жарыстың ақтық кезеңіне еліміздің ең мықты 6 командасы іріктеп алынған. Биыл Шымкент, Шымкент 1 командасы, Тараз, Ақтөбе және Алматы облысы мен Астана қаласынан ұжымдар келген.
ERNUR.KZ. Шымкенттегі "Мирас" спорт кешенінде қол добынан "Ұшқыр доп" атты мектеп лигасы өтіп жатыр, -деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Осы күнге дейін лиганың 3 - кезеңі Қазақстанның өзге аймағында өткен болатын.
Жарыстың ақтық кезеңіне еліміздің ең мықты 6 командасы іріктеп алынған. Биыл Шымкент, Шымкент 1 командасы, Тараз, Ақтөбе және Алматы облысы мен Астана қаласынан ұжымдар келген.
Қатысушылар жоғары дайындықпен келгенін топтың алғашқы матчтарынан бастап паш етті. Осы орайда айта кетсек, лигада жеңімпаз болған команданың ойыншылары Қазақстан құрама командасына қабылданады. Турнир 11 сәуірге дейін жалғасатын болады.