Орамал таққан теннисші Елена Рыбакина жанкүйерлерін таңғалдырды

0
642

Абу-Дабидегі турнирдің ширек финалында Рыбакина бразилиялық спортшыдан ұтылып сайыстан шығып қалды.


Орамал таққан теннисші Елена Рыбакина жанкүйерлерін таңғалдырды

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Даби қаласындағы Шейх Заид мешітіне барды деп жазды, деп жазады inbusiness.kz.

Bassport.kz сайтының мәліметінше, еліміздің бірінші ракеткасы мешіттегі суретін әлеуметтік желіге жариялаған. Спортшы мешіт ережесіне сай басына орамал таққан.

Ал жанкүйерлер Еленаның сұлулығына тамсанып, оған жылы пікірлер қалдырды. Тіпті, арасында: "Елена, сен мұсылмансың ба?" деп сұрағандар да бар.

Айта кетейік, Абу-Дабидегі турнирдің ширек финалында Рыбакина бразилиялық спортшыдан ұтылып сайыстан шығып қалды.