Тува тумасы 2016, 2017 және 2018 жылдары әскерилер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен.
ERNUR.KZ. Еркін күрестен ресейлік әлем чемпионы Начын Куулар Қазақстан чемпионатында белдесетін болды. 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін тувалық балуан Қазақстан құрамасына кіру үшін ішкі чемпионатта бақ сынайды, деп жазады vesti.kz.
28 жастағы балуан Ресей құрамасы сапында Еуропа чемпионатында қола жүлдегер атанса, енді еркін күрестен Қазақстан чемпионатының қатысушысы болып отыр.
Ел чемпионатында Начын Кууларды Шымкент құрамасының намысын қорғайды. Сонымен бірге, ол қазақстан азаматы екенін растайтын құжатының жоқтығына байланысты ұлттық құрама сапында халықаралық жарыстарда өнер көрсете алмайтынын хабарлаймыз», - деді Спорт және дене шынықтыру комитетінің өкілдері.
Сондай-ақ комитет Начын Куулардың Парижде өтетін келесі Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан қатыса алмайтынын да түсіндірді.
"Ережеге сәйкес спортшылар өзі намысын қорғайтын мемлекет аумағында тұруы және сол елдің атынан халықаралық жарыстарда өнер көрсетуі қажет. Сондай-ақ, олимпиада алдындағы канатинді алуы қажет. Мәселен бокс, таэквондо, күрес, семсерлесу, гандбол, көгалдағы хоккей, су спорты секілді халықаралық жарыстарға қатысу үшін карантин 3 жыл уақыттан кейін алынады. Куулар әлі спорт азаматтығын алған жоқ, оған трансфер картасы жоқ. Ережеге сәйкес ол азаматтығын ауыстырғандықтан үш жыл карантинде болады. Бұл кезең халықаралық жарыстарға аккредиттеуді тапсырған сәттен бастап есептеледі. Өтініш берілген", - деп түсіндірді комитеттегілер.
Тува тумасы 2016, 2017 және 2018 жылдары әскерилер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен. 2019 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, жастар арасындағы әлем чемпионы (U23, 2017). Айта кетейік, бұған дейін де тувалық өзге балуан Нұрислам Санаев (Артас Санаа) Қазақстан құрамасына қосылған болатын.
Күрестің барлық түрінен Қазақстан чемпионаты Астанада 1 ақпанда басталып, 5 ақпанда аяқталады. 65 келіге дейінгі салмақтағы спортшылардың өнер көрсетуі 4-ші күні өтеді.