Рыбакина АҚШ-тағы ірі турнирде жеңіске жетті

0
548

Елена қарсыласын 2 сет қорытындысы бойынша жеңіп шықты.


Рыбакина АҚШ-тағы ірі турнирде жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирде жеңімпаз атанды. Финалда беларусь спортшысы Арина Соболенкодан айласын асырып, Australian Open-2023 жарысында кеткен есесін қайтарды, деп жазады vesti.kz.

Елена қарсыласын 2 сет қорытындысы бойынша жеңіп шықты. Бірінші сет 1 сағат 20 минутқа созылып, 7:6 (13:11) есебімен жеңіске жетті. Екінші сетті 6:4 есебімен аяқтады. Осылайша рейтингтік 1000 ұпайға ие болды.

Қазіргі таңда Елена Рыбакина WTA рейтингінде 10-орында тұр. Осы жеңісінен кейін 7-орынға көтеріледі. Ал Арина Соболенко әлемнің екінші ракеткасы. Қазақстандық теннисші қарсыласын алғаш рет ұтты. Бұған дейін 4 рет есе жіберген еді.

Елена Рыбакина – Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші және екінші ракеткасын жеңген алғашқы теннисші. Ол жартылай финалда поляк Ига Швентекті жарыстан шығарған еді.

Қазақстандық теннисші жарыстағы жарқын жеңісі үшін 1 262 220 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.