​Сампаоли Аргентина құрама командасында қалады

0
1 030

Егер, Аргентина футбол федерациясы бапкердің қызметінен келісім шарт аяқталмай бас тартса, онда Сампаолиге 8 миллион доллар көлемінде өтемақы төлейді.


​Сампаоли Аргентина құрама командасында қалады

ERNUR.KZ. Хорхе Сампаоли Аргентина құрама командасының бас бапкері лауазымында қалатын болды деп хабарлайды, ERNUR.KZ тілшісі.

Сампаолидің лауазымында қалуы туралы шешімді Аргентина футбол Ассоциациясының президенті Клаудио Тапия шығарған. Естеріңізге сала кетсек, Аргентина құрама командасы Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/8 финалына дейін жеткен болатын. Мундиалда олар 2 матчта жеңіліп, бір ойында тең түсті. Ал, топтағы соңғы кездесуде Нигерияны 2:1 есебімен жеңген болатын.

Сампаолидің ағымдағы келісім шарты 5 жылға жасалған. Бірақ, ол 2019 жылы өтетін Америка кубогынан соң келісім шартты бұзуға да құқығы бар. Егер, Аргентина футбол федерациясы бапкердің қызметінен келісім шарт аяқталмай бас тартса, онда Сампаолиге 8 миллион доллар көлемінде өтемақы төлейді.