​Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты шарықтау шегіне жетті

0
940

Негізгі және қосымша уақытта қарсыластар жеңімпазды анықтай алмады. Буллит сериясында «Бейбарыс» сапынан Евгений Чемерилов мергендік танытты.


​Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты шарықтау шегіне жетті

ERNUR.KZ. Ел біріншілігінің финалында «Бейбарыс» пен «Номад» бас жүлдені сарапқа салуда. Атыраудағы алғашқы екі ойында айдын иелері басымдық танытып, жалпы есепте алға шықты, деп жазады 24.kz.

«Бейбарыс» хоккейшілері бірінші кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кешегі қарымта матч та дәл осындай нәтижемен аяқталды. Бірақ ойын овертаймға дейін созылды. Дмитрий Гренц алтыншы минутта мергендік танытып, елорда командасын алға жетелеген еді. Алайда Атыраулықтар екінші кезеңде таразы басын теңестірді. Шайба авторы Дмитрий Степанов. Негізгі және қосымша уақытта қарсыластар жеңімпазды анықтай алмады. Буллит сериясында «Бейбарыс» сапынан Евгений Чемерилов мергендік танытты. Енді командалар елордада кездеседі. Үшінші матч 7 сәуірде өтеді.