Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиадада Үндістаннан жеңілді

0
610

​Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштіктен шығып қалды.


Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиадада Үндістаннан жеңілді

ERNUR.KZ. Қазақстандық шахматшылар Үндістан құрамасынан 0,5-3,5 есебімен ұтылғаннан кейін турнир рейтингінде сегізінші орынға сырғыды, деп жазады sputnik.kz.

Матчқа дейін қазақстандық шахматшылар үшінші, ал үндістандық спортшылар екінші орында болды. Үндістан құрамасы Қазақстанды жеңгеннен кейін рейтингте көш бастады.
Бұл Қазақстан әйелдер құрамасының Әзербайжаннан 1-3 есебімен ұтылғаннан кейінгі екінші жеңілісі.
Ал Қазақстан ерлер құрамасы 8 тамыз күні Хорватия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Осы матчтан кейін Қазақстан құрамасы олимпиада рейтингінде 25-ші орыннан 20-шы орынға көтерілді.
Бірінші орында Өзбекстанның, екінші орында Арменияның спортшылары тұр.
Қазақстанның әйелдер құрамасы – Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева.
Ерлер құрамасы – Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербек.